Создать акаунт

Данияр Алдаберген - Түсінбеймін

ПраймМьюзик » Поп-музыка » Данияр Алдаберген - Түсінбеймін
Данияр Алдаберген - Түсінбеймін скачать mp3
  • Слушали: 13
  • Дата: 02.01.2025
  • Год: 2023
  • Длительность: 2:00
  • Качество: 320 kbps
Слушать
Данияр Алдаберген - Түсінбеймін
Скачать MP3

Данияр Алдаберген - Түсінбеймін текст песни:

Тілін білмейтін адамды
Солардан туған балаңды
Өзге ұлтқа қызын ұзатқан
Әкелер менен анаңды
Басшылар тіл білмейтінін
Мінбеде міңгірлейтінін
Байбалам салып барлығы
Бітті енді құрдым дейтінін

Репрессия көрген халықтың
бір-бірін ұстап бергенін
ауыстыруға жынысты
Үкімет рұқсат бергенін

Кредитті ал деп халыққа
шарасыз қалдырғандарды
Жұмыстан қуып төлеуге
шамасыз қалдырғандарды

Қонаққа құлдық ұратынын
Өзгені үлгі қылатынын
«Ұят» дегенің қате деп
Жастарды жынды қылатынын

Өмір көрмеген адамдар
Өмірді үйрететінін
Тойда біреудің әйелін
Бөтенмен билететінін

Бір бірін талайтындарды
Әйелін сабайтындарды
Екі ұлт араздасқанда
Қазақты қамайтындарды

Еркектер ішіп құртылғандығын
Әйелдер би боп жұлқынғандығын
Бұл Азғындықтың
Артында кім тұрғандығын
болашағын ұрпақтың
Миллиардтап жымқырғандығын
Қашса алдында көр
Қайда ұмтылғандығын түсінбеймін!!!

Рекомендуем:

Комментарии
Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив